| Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл |
|---|
| | Система электронных торгов |
|---|
|
|
|
|---|
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Қазақстан халқына Жолдауына пікір
Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Елбасы Жолдауын жыл сайын асыға күтетін саяси оқиға деуге болады. Бүкіл ел болып, жас баладан қарт адамға дейін мемлекет басшысы 2012 жылға берер тапсырмаларын мұқият тыңдаймыз.
Елбасы өткен жылы атқарылған жұмыстарға өзінің оң бағасын беріп, әрбір салаға жеке-жеке тоқталған. Еліміздің даму үрдісін одан әрі қарқындату мақсатында тиісті тапсырмалар берді.
Өзім көп балалы ана болғандықтан әлеуметтік салаға қатысты жаңалықтарын аса зор ықыласпен тыңдадым. Қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қол жетімдігін арттыру мәселесі мен осы салаға қатысты жаңа бағдарламаның қолға алынуы өте маңызды мәселе деп ойлаймын.
Сондай-ақ, еліміздің әлемдік дағдарысқа қарамастан жаңа жұмыс орындарын ашу және ауқымды жобаларды нақты-нақты атап берді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның демографиясын көтеріп, халқының санының артуы үшін жан-жақты қолдау мен материалдық көмек көрсетіліп жатқанына ризашылығымды білдіремін.
Жастарды патриоттық сезімдерге тәрбиелеуге аса зор мән берілгені қуантады. «Еліміздің болашағы – жастардың қолында»,- деп Елбасы өзі атап көрсеткендей жастардың жан-жақты білім алуы мен тәрбиесіне үлкен мән беріліп отыр.
Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауын зор ықыласпен қабылдаймын.
Талдықорған қаласының тұрғыны,
көп балалы ана Л. Төлеуқызы | |
|
|
|---|
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Қазақстан халқына Жолдауына пікір
2012 жылғы 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы барлық телеарналардан жарияланып, бүкіл жұртшылық болып мұқият тыңдадық.
Өзім зейнет жасына толған еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерімін. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауын асыға күтемін десем артық айтпаспын. Жаңа жылды жаңа Жолдаумен бастау қазақ халқы үшін жақсы дәстүрге айналды. Президентіміз еліміздің өркениетті ел қатарынан нық орын алуы үшін барын салып, салиқалы саясат жүргізуде.
Жуырда ғана Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын бүкіл ел болып тойладық. 20 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімізге бүкіл әлем куә болып отыр.
Елбасы өзінің көрегендігі мен сындарлы саясатының арқасында Қазақстан халқына Жолдауына жыл сайын әлеуметтік саланың дамуына зор мән беріп келеді. Зейнеткерлердің, мұғалімдердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы уақытымен беріліп, барлық жағдайлар жасалуда.
Өтен 2011 жылды сәтті аяқтап отырмыз деуге әбден болады. Өткен жылы екі саяси науқанды басымыздан кешірдік. Нәтижесінде еліміздің Елбасын қолдайтынына көзіміз жетті. Әрбір қазақстандық өзінің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдауын жасады деп сенемін. Президентіміздің саясатын толығымен қолдаймын.
Еңбек және Ұлы Отан
соғысының ардагері
Т.Қанапьянов
| |
|
|
|---|
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2012 жылдың 18 қаңтары күні «Мамандық таңдау – маңызды қадам» тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге 11 сынып бітірушілері мен негізгі мектепті бітіруші 9 сынып оқушылары қатысты. Республикамыздың беделді оқу орындарында оқып жатқан Қасым Әділет, Байболатова Айгерім, Қызайбаева Айгүл, Құрмашова Мадина, Арманов Абзал, Махмет Айбүбі, Ахметқалиева Қымбат, Әкебекова Шынарай, Ниязбекова Мөлдір, Найзабаева Айша, Омаралина Маралдым мемлекеттік грант иегерлері келді:
11 сынып бітірушілері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойды. Аталған сұрақтар төңірегінде білімгерлер кезекпен тыңғылықты жауаптар қайтарды. Бітірушілер өздері таңдап отырған мамандықтары туралы сыр бөлісті.
Кездесу соңы ескерткіш суретке түсу мен мектеп оқушылары дайындаған концертке ұласты. Мектеп директоры кездесуге ұйымшылдықпен келген түлектерге алғысын білдірді.
| |
|
|
|---|
2012 жылғы 15 қаңтарда өткізілген Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы туралы қалалық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2012 жылдың 20 қаңтарынан
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 44 бабы 4 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, округтік сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде қалалық сайлау комиссиясы Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын төмендегідей анықтады:
| |
|
|
|---|
2011 жылдың 23-24 желтоқсан күндері қаламыздағы №25 орта мектепте қалалық пән олимпиадасы өтті. Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Б.Тұрұсбеков олимпиаданың ашылуында оқушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиадаға қала мектептерінен білімді, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп табылған 736 оқушы қатысты. 23 желтоқсан күні олимпиаданың 1-кезеңінен 378 бала іріктеліп, екінші кезеңге өтті. 2-кезеңнің нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Олимпиада нәтижесі бойынша 14 пәннен 8-11 сынып оқушылары арасында 262 бала жүлделі орынға ие болды. Оның ішінен 47 оқушы облыстық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды.
| |
|
Всего 220 на 44 страницах по 5 на каждой странице [ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ... | 44 ] [>>] |
|
|
| Валюта курстары |
|---|
 | | Ауа райы |
|---|
 |
|