AKIMAT-TALDYKORGAN.KZ ::: Официальный сайт акимата города Талдыкоргана
AKIMAT-TALDYKORGAN.KZ
Басты оқиғалар | Бүгінгі қала | Әкімге сұрақ | Жауаптар | Ресми сайттар | Есеп беру | Сайлау |
Тілі

Навигация
Поиск по сайту
Поиск
Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл
Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл
Е-Майл
.
Система электронных торгов
e-agrotrade.kz

Жаңалықтар - Республикалық ақпараттық-насихат тобы туралы

Ағымдағы жылғы 3 ақпанда Талдықорған қаласына республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Н.Сүлейменов, Л.Тұрлашов және Алматы облыстық мәслихатының хатшысы С.Бескемпіров келіп, қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, мектеп, жоғары және арнайы орта оқу орындарының өкілдері шақырылды.
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.Сүлейменов Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелерге тоқталып өтті.
Кездесу барысында Жолдаудағы «Аймақтардың дамуы» тарауы бойынша қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Халық, «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі» тарауындағы білім беру мен денсаулық сақтау мәселесіне қатысты қалалық мәслихаттың депутаты Ж.Нұрлыбаева, жастарға көрсетіліп жатқан қолдау мен көмектерге байланысты Ә.Шаншарбаева өз пікірлерін білдіріп, сөз сөйледі.
Подробнее | Дата: 03.02.2012 | Разместил: Client | Прочитано: 6 Напечатать статью

Жаңалықтар - Жас буын - ел болашағы

Ақпанның алғашқы күні «Қаратал» шағын ауданында жаңадан 60 орындық балабақша бой көтерді. Балабақшаның ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов, қала әкімі Ермек Алпысов қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Сәбилер ел басқарып жүрген ағаларын мың бұралған би, әсем ән-жырмен қарсы алды.
- Бүгінгі қуаныш құтты болсын! Әр бала осы балабақшадан жақсы тәрбие алып, еліміздің үлкен азаматы болуына тілектеспін. Бұл балабақша Елбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Бұл қуаныштың басы ғана, алдағы уақытта облысымыздағы балалардың барлығын тәрбие ошақтарымен мейлінше қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Балабақшаның жалпы көлемі-730,44 шаршы метр. «Гәкку құрылыс» ЖШС құрылысшылары оны уақытында беру үшін тер төге еңбек етті.
Балабақшада 23 жұмыс орны ашылып, 9 маман «Құлыншақ», «Балапан», «Қарлығаш»деп аталатын топтарға біріктірілген бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуге кірісіп те кетті. Жаңа ашылған балабақшаның меңгерушісі болып Тазабекова Жанна Әуелбекқызы тағайындалды.
Салтанатты жиында лента қиылып, шашу шашылды.
Балабақша ішін аралап, танысқан облыс басшысы ғимараттың сапасы мен сәніне көз жеткізді.
Халқымыздың «Қуантсаң, баланы қуант» деген қағидасы бойынша қалада ашылған балабақша шын мәнінде үлкен қуанышты оқиға саналады.
Жалпы Талдықорған қаласында 11 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Сондай ақ, 4 мемлекеттік, 2 жекеменшік мектепке дейінгі шағын орталықтар іске қосылған.
Бұрынғы 3 балабақша ғимаратын қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда.
Г.Нұршанова
Подробнее | Дата: 02.02.2012 | Разместил: Client | Прочитано: 7 Напечатать статью

Жаңалықтар - Пәтер кілттері тапсырылды

2012 ж. 1 ақпанда Шахворостов көшесіндегі 70 пәтерлік коммуналдық, «Қаратал» шағын ауданындағы 60 пәтерлік кредиттік, 64-пәтерлік коммуналдық және 40 пәтерлік арендалық тұрғын үйлер пәтерлерінің кілті салтанатты түрде тапсырылды.
Пәтер кілттері Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңына сәйкес әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындар санаттарына, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді.
Тапсыру рәсіміне Алматы облысының әкімі А.Т.Мұсаханов, қала басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңа пәтер иелері қатысты.
Подробнее | Дата: 02.02.2012 | Разместил: Client | Прочитано: 7 Напечатать статью

Новости - С новосельем!

1 февраля 2012 года состоялось торжественное вручение ключей от 70-квартирного коммунального дома по ул.Шахворостова, 60-квартирного кредитного дома, 64-квартирного коммунального дома и 40-квартирного арендного дома в мкр. «Каратал».
Квартиры в государственном коммунальном и арендном домах предоставлены в соответствии с Законом Республики Казахстан «О жилищных отношениях» категориям граждан, относящимся к малоимущим социально-защищаемым слоям населения, а также работникам бюджетных организаций.
На торжественном вручении ключей присутствовали Аким Алматинской области Мусаханов А.Т., руководство города, представители средств массовой информации и новоселы.
Подробнее | Дата: 02.02.2012 | Разместил: Client | Прочитано: 12 Напечатать статью

Жаңалықтар - Хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР!!


Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2012 жылы 14 ақпаннан 22 ақпанға дейін қала әкімі Е.А.Алпысов тұрғындарға есеп береді.
Қала әкімінің жұмысы туралы өз пікірлеріңізді, ескертулеріңізді, тілектеріңізді білдірулеріңізді сұраймыз.
Байланыс телефондары: 27-01-62, 27-00-15, 27-16-81

Қала әкіміне жолданатын хаттардың және азаматтардың ұсыныс-тілектерін қабылдайтын жәшіктер мына мекенжайдағы мекеме-ұйымдарда орналасқан:
1. Қала әкімінің аппараты, Абай көшесі, 256
2. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Желтоқсан көшесі, 222, 2 корпус
3. Жер қатынастар бөлімі, Қабанбай батыр көшесі, 36/42
4. Облыстық телекоммуникация дирекциясы, Ақын Сара, 137
5. Алматы облысы бойынша салық комитеті, Жансүгіров көшесі, 113а
6. Өтенай селолық округінің әкімдігі, Өтенай ауылы, Тұңғатов көшесі, 17
7. Еркін селолық округінің әкімдігі, Еркін ауылы, Сүлеев көшесі, 78
Подробнее | Дата: 02.02.2012 | Разместил: Client | Прочитано: 8 Напечатать статью
Всего 232 на 47 страницах по 5 на каждой странице
[ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ... | 47 ] [>>]
Ағымдағы уақыт
Баннерлер

Вопрос населению
Что Вы можете сказать о новых скверах, появившихся недавно в городе

Очень красиво
Бывает лучше
Не впечатлило


Результаты
Другие опросы

Всего голосов: 149
Валюта курстары
Ауа райы
Басты оқиғалар | Бүгінгі қала | Әкімге сұрақ | Жауаптар | Ресми сайттар | Есеп беру | Сайлау |
Copyright © Талдықорған қаласы әкімінің аппараты
Тех.поддержка It-group